☀"ЫҚЛАС СҮРЕСІНІҢ" ҚАСИЕТІ!☀
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
✅“Ихлас сүресін оқу, бүкіл Құран кәрімнің үштен біріне тең.”
✅“Құран кәрімнің ең қасиетті сүресі Ихлас сүресі.”
✅“Арафа күні 1000 рет Ихлас сүресін оқыған адамның бүкіл күнәлары кешіріледі және барлық дұғалары қабыл болады.” Барлығын бисмилләһпен оқу керек.
✅“Мазараттың жанынан өткенде онбір Ихлас оқып, иманмен жан тапсырған мәйіттердің рухтарына бағыштаған адамға ол жердегі өлілердің мөлшеріндей сауап беріледі.”
✅“Төсекке жатқанда Фатиха және Ихлас сүресін оқыған адам өлімнен басқа барлық нәрседен амандықта болады.”
✅“Үйге кірерде Ихлас сүресін оқыған адам кедейлік көрмейді.”
✅“Кімде-кім таңғы намаздан кейін Ихлас сүресін 11-рет оқыса, ол күні оған бірде-бір күнә жақындамайды. Шайтан азғыруға тырысса да қорғанған болады.”
✅“Жолға шығатын адам үйінің есігін жауып шығып 11-рет Ихлас сүресін оқыса ол қайтқанға дейін Аллаһу та’ала оны (үйін) қорғайды.”
✅“Тамақты бастағанда бисмилләһ айтуды ұмытқан адам тамақ жеп біткеннен кейін Ихлас сүресін оқысын!”
✅“Кімде-кім күніне 200-рет Ихлас сүресін оқыса, қарыздарынан басқа 50 жылдық күнәлары кешіріледі.”
✅“Кімде-кім өлім ауруында Ихлас сүресін оқыса, қабір азабын көрмейді. Қабірдің қысуынан амандықта болады. Періштелер оны қанаттарында алып жүреді және сырат көпірінен өте жылдам өткізеді.”
✅“Жұма намазынан кейін 7 рет Ихлас және Муауиззатәйн (яғни Фәләқ және Нас сүрелерін) оқыған адамды Аллаһу та’ала бір апта қазадан, бәледен және жаман істерден қорғайды.”
✅“Мазаратқа кіргенде Фатиха, Фәлақ, Нас және Ихлас сүрелерін оқыңдар! Сауабын мәйіттерге бағыштаңдар! Сауабы бәріне тиеді.”
🔶Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
(1) (Мұхаммед Ғ.С. оларға) Айт: Ол Алла, біреу ақ.
(2) Алла мұңсыз. (Әр нәрсе оған мұқтаж)
(3) Ол тумады да, туылмады.
(4) Әрі оған ешкім тең емес.
🔷Бисмилләһир Рахманир Рахиим
(1) қуль һууаллаһу ахәд
(2) аллаһус сомәд
(3) ләм йәлид уәләм йууләд
(4) уәләм йәкуль ләһу куфууан ахәд